date

Ян Зоммер Майк Менян туралы айтты


Милан дербиі алдында "Интер" қақпашысы Ян Зоммер "Милан" қақпашысы, француздық Майк Меньян туралы жылы пікір білдірді. Зоммердің пікірінше, Меньян тәжірибелі және мықты қақпашы.

"Ол – керемет қақпашы әрі жақсы адам. Бірақ дерби – бұл Зоммер мен Меньян арасындағы ойын емес, "Интер" мен "Милан" арасындағы бәсеке", - деп fcinter1908.it Зоммердің сөзін келтірді.

Айта кетейік, Майк Меньян 2021 жылдан бері "Милан" сапында ойнап, командасымен бірге Италия чемпионы атанған. Ал Ян Зоммер мансабының үлкен бөлігін Германияда өткізген және өткен жылдан бері "Интер" сапында өнер көрсетуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Ян Зоммер Майк Менян туралы айтты