date

Үш футболшы Хаби Алонсоға наразы


Мадридтің "Реал" клубының үш футболшысы бас бапкер Хаби Алонсоның командадағы басқару стиліне наразылықтарын білдірген. Бұл тізімде қорғаушы Ферлан Менди мен шабуылшылар Родриго және Эндрик бар.

Аталған футболшылар ойын тәжірибесінің аздығынан және жиі ауысу туралы сыбыстардың ортасында болатыны белгілі. Transfer News Live қайнар көзінің COPE деректеріне сүйене отырып хабарлауынша, бұл наразылық қаңтар айында осы үш футболшының "Реалдан" кетуіне себеп болуы мүмкін.

Олардың трансфер құны күтілгеннен төмен болуы ықтимал. Бұған дейін БАҚ-та қаңтар айында Эндриктің "Лион" клубына жалға ауысу мүмкіндігі жоғары екендігі жайлы ақпарат тараған болатын.

Еске сала кетейік, сәрсенбі күні "Реал" Чемпиондар лигасы аясында сырт алаңда "Олимпиакосқа" қарсы ойын өткізеді. Бұл кездесуді мәтіндік трансляция арқылы бақылауға болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Үш футболшы Хаби Алонсоға наразы