"Барселона" үш футболшыны сатып алмақ

Каталонияның "Барселона" командасы келесі жазда бірнеше футболшыны құрамына қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Mundo Deportivo басылымы хабарлады.
Дереккөзіне сәйкес, "көгілдір-гранаталықтар" үш позицияны нығайтуды мақсатқа алған. "Барселона" жаңа орталық шабуылшы, орталық қорғаушы және шабуылдаушы жартылай қорғаушыны құрамына қосуды көздеп отыр.
Қазіргі Испания чемпионатының маусымында Ханс-Дитер Флик басқарған команда 13 ойыннан кейін 31 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр. Соңғы ойында "Барселона" Чемпиондар лигасы аясында "Челсиге" 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз