
Мадридтің "Реал" клубының бұрынғы шабуылшысы әрі қазіргі жаттықтырушысы Рауль Гонсалес Бланко Англия Премьер-лигасындағы сенбі күнгі "Астон Вилла" мен "Арсенал" арасындағы матчты стадионнан тамашалады. Трансляция кезінде оператор "Вилла Парк" трибуналарында "Корольдік клубтың" бұрынғы жұлдызын көрсетті.
Белгілі болғандай, бұл кездесу Раульдің отандас бапкерлерінің дуэлі болды. "Астон Вилла" командасын Унаи Эмери басқарса, "Арсенал" клубында соңғы алты жыл бойы Микель Артета бас жаттықтырушы қызметін атқарып келеді.
Матчтың негізгі уақыты аяқталуға жақындаған сәтте есеп тең – 1:1. Бірінші таймда Мэтт Кэштің голымен "Астон Вилла" алға шықса, екінші таймда Леандро Троссар "Арсенал" үшін есепті теңестірді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.