date

Арне Слот Салахты неге шығармағанын түсіндірді


“Ливерпуль” командасының бас бапкері Арне Слот Мұхаммед Салахты қосалқы құрамда қалдыруы туралы сұрақтарға жауап берді. Сенбі күні “қызылдар” Англия Премьер-лигасының кезекті турында “Лидс” командасына қарсы ойында 3:3 есебімен тең түсіп, ұпайларды бөлісті.

Аталған ойында “Ливерпуль” жеңісті уысынан шығарып алды, себебі қарсылас команда 96-минутта гол салып, есепті теңестірді. Мысырлық жұлдыз ойын барысында қосалқы орындықтан жағдайды бақылап, алаңға шыққан жоқ.

“Біз 2:0 және кейін 3:2 есебімен алда келе жаттық. Сол сәтте бізге ойын бақылауын ұстап тұру маңызды болды, бірақ гол салу міндетті емес.

Әдетте гол керек болған жағдайда Мұхаммедті алаңға қосамын. Мысалы, өткен турда “Сандерлендпен” ойында дәл солай істедім.

Алайда бұл жолы басқа типтегі футболшылар қажет болды, сол себепті Эндоны шығардым”, – деді Слот BBC басылымына берген сұхбатында. Мұхаммед Салах қатарынан үшінші ойында негізгі құрамда алаңға шыққан жоқ.

Сонымен қатар, ол екі ойын бойы қосалқы құрамнан да алаңға қосылмаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Арне Слот Салахты неге шығармағанын түсіндірді