Ливерпуль Салахты 100 миллионға сатуы мүмкін

Ливерпуль клубының жұлдызды шабуылшысы Мұхаммед Салах Англияны тастап, Сауд Арабиясы чемпионатына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Caught Offside басылымы хабарлады.
Дереккөзге сәйкес, 33 жастағы мысырлық футболшыға басты үміткерлер — «Аль-Хилал» және «Аль-Иттихад» клубтары. Олар Салахты қысқы трансфер кезеңінде өз құрамына қосуды жоспарлап отыр.
Аталған трансфердің сомасы 80-100 миллион еуро көлемінде болуы мүмкін. Салахтың Ливерпульмен қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.
Ағымдағы маусымда Мұхаммед 19 ойынға қатысып, 5 гол және 3 нәтижелі пас берген. “Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз