date

Тоттенхэм ойыншысы Биссуманы жазаға тартуы мүмкін


Тоттенхэм клубының жартылай қорғаушысы Ив Биссуманың футбол алаңынан тыс жағдайларына байланысты тағы да жұртшылық назарына түсті. The Sun басылымының хабарлауынша, футболшы қараша айында өткен кеште "күлдіргіш газды" (азот оксиді) тұтынғаны бейнеленген видео интернетте таралған.

Аталған газды қолдану депрессияға, есте сақтау қабілетінің жоғалуына және басқа да денсаулық мәселелеріне алып келуі мүмкін. Клуб бұл жағдай бойынша тергеу жұмыстарын бастады.

29 жастағы малилік футболшы осы маусымда бірде-бір ойын өткізбеген және өзінің әлеуметтік желідегі аккаунттарынан клуб туралы барлық ақпаратты өшіріп тастаған. Бұл жағдай жанкүйерлер арасында әртүрлі сыбыстардың таралуына себеп болуда.

Айта кетсек, өткен жазда да Биссуманың осындай оқиғаға қатысы болғаны туралы мәлімет тараған еді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Тоттенхэм ойыншысы Биссуманы жазаға тартуы мүмкін