date

Салахтың шеттетілу себебі анықталды


Мохамед Салах Чемпиондар лигасында сырт алаңда өтетін "Интерге" қарсы ойында "Ливерпуль" құрамына енгізілмеді. Англиялық клуб мысырлық футболшыны Италияға апармауға шешім қабылдады.

Бұл шешімге Салахтың берген шулы сұхбаты түрткі болды. Ол команданың негізгі құрамындағы орнын жоғалтқанына наразылық білдіріп, бас бапкер Арне Слотты және клубты сынға алған болатын.

Танымал журналист Бен Джейкобстың әлеуметтік желідегі ақпаратына сәйкес, 33 жастағы Салахты құрамнан шығару туралы шешімді "Ливерпульдің" спорт директоры Ричард Хьюз қабылдаған. Хьюз бұл шешімді бапкер Слотпен сөйлескеннен кейін шығарған.

Салах бұл мәселеге қатысты қандай да бір талқылауға қатыспаған. "Интер" мен "Ливерпуль" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 5-турында сейсенбі күні, 9 желтоқсанда кездеседі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Салахтың шеттетілу себебі анықталды