date

Хаби Алонсо: "Қазір мен керекті жердемін"


Мадридтің "Реал" командасының бас бапкері Хаби Алонсо "Ливерпуль" клубына қатысты тараған қауесеттерге өз пікірін білдірді. "Көпшілік мені болашақта "Ливерпульдің" жаттықтырушысы ретінде көріп жүр..." "Қазіргі уақытта мен осы жерде, өзім қалаған орында тұрмын", – деді Алонсо сейсенбі күні өткізілген баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол "Сельтамен" болған матчтан кейін клуб басшылығынан қолдау алғаны туралы сұраққа жауап берді: "Бізде әрқашан тұрақты байланыс бар. Сенім, бірлік және назар арқылы жұмыс істеп жатырмыз.

Біз біртұтас командамыз." Еске сала кетейік, "Реал" жексенбі күні өз алаңында "Сельтадан" 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Енді олар 10 желтоқсан, сәрсенбі күні Чемпиондар лигасы аясында "Манчестер Ситиге" қарсы ойынға дайындық үстінде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Хаби Алонсо: "Қазір мен керекті жердемін"