date

«Барселона» қатарынан төртінші рет камбэк жасады


«Барселона» командасы кезекті ерік-жігер жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы каталондықтар Чемпиондар лигасы аясында «Айнтрахтты» 2:1 есебімен жеңді.

Ойында алдымен қонақтар 21-минутта есеп ашты, бірақ «Барселона» Жюль Кюнденің 50 және 53-минуттарда соққан голдарының арқасында үш ұпайды өз қоржынына жазып алды. Barca Universal деректеріне сәйкес, бұл «Барселона» тарихында алғаш рет қатарынан төрт ойында бірінші болып гол өткізіп, артынан жеңіс алатын серия болды.

Аталған серия өткен айдың соңында «Алавеске» қарсы матчта 3:1 есебіндегі жеңіспен басталды. Одан кейін Мадридтің «Атлетико» командасы дәл осындай есеппен ұтылды.

Кейіннен «Бетисті» 5:3 есебімен жеңді. Осы сенбі күні Ханс-Дитер Фликтің командасы өз алаңында «Осасунаны» қабылдайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Барселона» қатарынан төртінші рет камбэк жасады