date

Салахтың жаңа суреттері жанкүйерлерді алаңдатты

Салахтың жаңа суреттері жанкүйерлерді алаңдатты
Мохамед Салах Чемпиондар Лигасы аясында "Ливерпуль" матчына қатыспады. Бұл оның негізгі құрамға енгізілмегеніне наразылығын ашық мәлімдегеннен кейін орын алды.

Сейсенбі күні Салах жаттығу залында жаттығып жатқан сәтін көрсеткен суретін әлеуметтік желіде жариялады. Келесі күні мысырлық футболшы тағы бір жаңа суретпен бөлісті.

Суретте күз мезгілін еске түсіретін ағаштар мен түскен жапырақтар бейнеленген. Әлеуметтік желілерде жұлдыз футболшы туралы алаңдаушылық арта түсті.

Жанкүйерлер Салахтың клубпен арада туған келіспеушіліктері кесірінен өзін жалғыз сезініп жүргенін болжауда. "Ливерпуль" командасының келесі матчы 13 желтоқсан күні АПЛ аясында "Брайтонға" қарсы өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Салахтың жаңа суреттері жанкүйерлерді алаңдатты