
2026 жылғы Әлем чемпионатына дайындық аясында Англия құрамасы наурыз айында екі жолдастық кездесу өткізеді. Ағылшын футбол қауымдастығының хабарлауынша, 27 наурыз күні Англия Уругвайға қарсы, ал 31 наурызда Жапониямен алаңға шығады.
Екі ойын да Лондон қаласындағы "Уэмбли" стадионында өтеді. FIFA рейтингінде Англия құрамасы қазіргі уақытта 4-орында, Уругвай 16-орында, ал Жапония 18-орында орналасқан.
Бұл ойындар Англия құрамасы үшін Әлем чемпионаты алдындағы соңғы дайындық болмақ. Бас бапкер Томас Тухель осы ойындардан кейін турнирге қатысатын құрамды жариялайды. Еске сала кетейік, Англия құрамасы Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Хорватия, Гана және Панама құрамаларына қарсы ойын өткізеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.