
Габриэл Мартинелли Лондонның "Арсенал" клубы үшін Чемпиондар Лигасы рекордын жаңартты. Бразилиялық футболшы командасының "Брюгге"ге қарсы ойынында үшінші голды соқты.
24 жастағы шабуылшы турнирдегі қатарынан бес матчта гол соғып, бұл көрсеткіш "Арсенал" тарихындағы жаңа рекордқа айналды. Егер барлық Еурокубоктарды есепке алсақ, бұл нәтиже клуб тарихындағы үздік сериялардың бірі саналады.
Соңғы рет Тьерри Анри 2000 жылы УЕФА Кубогында қатарынан алты ойында гол соққан болатын. Габриэл Мартинелли биылғы маусымдағы Чемпиондар Лигасының үздік сұрмергендері тізімінде бес голмен төртінші орында тұр.
Ол тек Килиан Мбаппе (тоғыз гол), Виктор Осимхен және Эрлинг Холандтан (алты голдан) қалып отыр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.