Пол Погба түйе жарысына инвестиция салды

Франциялық футболшы Пол Погба түйелерге деген қызығушылығын ашық білдірді. Оның айтуынша, түйе спорты, атап айтқанда, Таяу Шығыста танымал түйе жарыстары оны ерекше қызықтырған.
Сол себепті, Погба бұл салаға инвестиция салуға шешім қабылдаған. Пол Погба Сауд Арабиясындағы "Аль-Хабуб" командасының әрі акционері, әрі елшісі болып табылады.
Футболшының айтуынша, ол соңғы екі жылда бұл аймақта көп уақыт өткізген және осы уақыттың ішінде түйелер мен жергілікті этникалық мәдениетке қызығушылығы артқан. Еске сала кетсек, қазіргі таңда Пол Погба "Монако" клубы құрамында өнер көрсетуде.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз