date

Карим Бензема «Лионға» қайта оралу ықтималы жайлы айтты


«Алтын доп» жүлдегері, француз шабуылшысы Карим Бензема өзінің футбол мансабын бастаған «Лион» клубына қайтуға дайын ба деген сұраққа қатысты ойын айтты. «Нақты айту қиын: қайтып келуім мүмкін бе, жоқ па.

Футболда алдын ала жоспарлау қиын. Мүмкін, бәрін сол қалпында қалдыру дұрыс шығар.

«Лионға» басқа рөлде көмектесуім мүмкін, бірақ олардың құрамында ойнау мәселесін білмеймін», — деді 37 жастағы шабуылшы L’Equipe басылымына берген сұхбатында. Бензема «Лион» академиясының түлегі болып есептеледі.

Ол 2023 жылдан бері Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубының намысын қорғап келеді. Бенземаның клубпен жасаған келісімшарты келесі жылдың маусым айының соңында аяқталады.

Оның нарықтағы құны 7 миллион еуроға бағалануда.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Карим Бензема «Лионға» қайта оралу ықтималы жайлы айтты