date

Гонсалоның бенефисі: «Реал» Мадрид «Бетисті» 5:1 есебімен ойсырата жеңді

Гонсалоның бенефисі: «Реал» Мадрид «Бетисті» 5:1 есебімен ойсырата жеңді

Испания чемпионатының 18-турында "Реал" Мадридте "Бетисті" қабылдап, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңіске негізгі үлес қосқан Гонсало Гарсия болды.

Алдымен 20-минутта мадридтік шабуылшы Гонсало Гарсия баспен гол соғып, командасын есепте алға шығарды. Екінші таймның 5-минутында Гарсия тағы бір гол соғып, айырмашылықты екі есеге арттырды. Арада 6 минут өткенде Рауль Асенсио қарсылас қақпасына баспен гол соғып, есепті ірілендірді. 66-минутта "Бетис" футболшысы Эрнанидес арадағы айырмашылықты бірге қысқартса, 82-минутта Гарсия хет-трик жасап, арадағы айырмашылықты тағы 3-ке ұлғайтты. 90+4 минутта Фран Гарсия гол соғып, ойынға нүкте қойды.

Сондай-ақ Родриго екі голдық пас беріп, команданың жеңісіне үлкен үлес қосты. «Реалдың» жұлдызы Килиан Мбаппе жарақатына байланысты ойынды өткізіп алды.

Ла Лига. 18-тур

«Реал» – «Бетис» 5:1

Голдар: Гонсало Гарсия 20, 50, 82, Асенсио 56, Фран Гарсия 90+4 – Эрнандес 66

«Реал»– Куртуа, Асенсио, Рюдигер, Каррерас, Вальверде, Чуамени (Себальос, 81), Камавинга, Беллингем, Родриго (Гюлер, 77), Гонсало Гарсия (Фран Гарсия, 89), Винисиус (Мастантуоно, 77).

«Бетис»– Вальес, Ортис (Бельерин, 46), Бартра, Натан, Р. Родригес, Деосса (Ло Чельсо, 46), Рока (Алтамира, 67), Антони, Форнальс, Руибаль, Эрнандес.

Жеңістен кейін «Реал» 45 ұпаймен Ла Лигадағы 2-орнын сақтап қалды, ал «Бетис» 28 ұпаймен 6-сатыда. Бұл ойында ойыншылар тамаша жеке әрекеттерін және техникалық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті.

Мадрид клубының жаңа маусымда нәтижесін арттыруға ұмтылып отырғаны және шабуыл шебінің айқын күшейгені байқалды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Гонсалоның бенефисі: «Реал» Мадрид «Бетисті» 5:1 есебімен ойсырата жеңді