date

U-23 Азия Кубогы. Өзбекстан Оңтүстік Кореяны жеңіп, келесі кезеңге өтті

U-23 Азия Кубогы. Өзбекстан Оңтүстік Кореяны жеңіп, келесі кезеңге өтті

Сауд Арабиясында 23 жасқа дейінгі футболшылардан құралған ұлттық құрамалар арасында Азия Кубогы жалғасуда. Өзбекстан U23 құрамасы 13 январь күні С тобының соңғы ойынында Оңтүстік Корея жастарымен күш сынасып, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Голдар Бехруз Каримов пен Саидумархан Саиднуруллаевтың еншісінде. Нәтижесінде өзбекстандықтар 7 ұпай жинап, топта бірінші орынмен 1/4 финалға шықты.

U-23 Азия Кубогы.

Топтық кезең. 3-тур.

Эр-Рияд. "Принц Фейсал бин Фахд Спорт Сити" стадионы

Өзбекстан U-23 - Оңтүстік Корея U-23 2:0

Голдар: Бехруз Каримов 48, 1:0, Саидумархон Саиднуруллаев 70, 2:0

Өзбекстан: 21. Самандар Мұратбаев, 2. Саидхон Хамидов, 4. Ғиёсжон Ризақұлов, 6. Равшан Хайруллаев (10. Рустам Фомин, 88), 7. Сардор Бахромов (5. Озодбек Эргашов, 90+2), 8. Мұхаммадали Реймов (9. Саидұмархан Саиднуруллаев,46) 11. Асылбек Жұмаев, 16. Бехруз Каримов (19. Мухаммад-Бабур Каримов,88) 20. Дилшод Абдуллаев, 22. Нұрлан Ибраимов, 23. Абдугафур Хайдаров (17. Әмірбек Саидов, 46).

Резерв: 1. Максим Муркаев, 3. Дильшод Муртазаев, 12. Омар Рустамов, 13. Ислам Анваров, 14. Азизбек Тулкинбеков, 15. Мейірбек Режабалиев, 18. Шохжахон Ёркинбоев.

Оңтүстік Корея: 21. Хонг Сеон Мин, 3. Бае Хюн Со (22. Jang Seok Hwan, 46). Ли Хён Ён, 7. Канг Сонг Джин, 8. Ким Донг Джин, 9. Ким Тае Вон, 13. Ким Дох Юн (14. Jung Seung Baye,58), 15. Ким Хан Со, 18. Чон Джае Санг, 19. Lee Geon Hee (2. Kang Min Jun,65), 23. Шин Мин Ха.

Резерв: 1. Мун Хюн Хо, 4. Джо Хюн Тае, 6. Ли Чан Ук, 11. Джоун Джи Хун, 12. Хван Джае Юн, 15. Байе Га Он, 17. Ким Ёнг Хак, 20. Пак Джун Со.

Топтың тағы бір ойынында Ливан күтпеген жерден Иранды 1:0 есебімен жеңді. Бұл нәтиже Оңтүстік Кореяға көмектесті, олар 4 ұпаймен екінші орын алып, келесі кезеңге өтті. Ливан 3 ұпаймен үшінші, Иран 2 ұпаймен төртінші болды.

Бас бапкер Равшан Хайдаров шәкірттері 1/4 финал ойынын 17 январь күні өткізеді. Өзбекстандықтарға D тобында өнер көрсететін Қытай, Австралия, Ирак немесе Таиланд қарсылас болуы мүмкін - ойындар жалғасуда және төртеуі де плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап отыр.

U23 Азия Кубогында 16 құрама 4 топқа бөлініп қатысуда. Бұл жарыстың басқа жарыстардан айырмашылығы - онда Олимпиада жолдамасы ойналмайды. Сондықтан көптеген командалар негізгі құраммен қатыспайды.

U23 Азия Кубогы 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Онда Жапония жастары ең көп - 2 рет жеңіске жетті, соның ішінде соңғы турнирде де. Сондай-ақ Ирак, Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Сауд Арабиясының есебінде бір-бірден жеңіс бар.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » U-23 Азия Кубогы. Өзбекстан Оңтүстік Кореяны жеңіп, келесі кезеңге өтті