date

«Реал» сенсациялық түрде жеңіліп, кубоктан шығып қалды (видео)

«Реал» сенсациялық түрде жеңіліп, кубоктан шығып қалды (видео)

Испания кубогының 1/8 финалындағы матчта Арбелоа баптайтын «Реал Мадрид» «Альбасетемен» ойнап, 2:3 есебімен жеңіліп, турнирмен қоштасты.

Алдымен «Реал Мадрид» 42-минутта өз қақпасына гол жіберді. Бірінші таймға қосылған минуттарда Франко Мастантуоно есепті теңестіріп, командасының үзіліске тең нәтижемен шығуын қамтамасыз етті.

82-минутта Хефте Бетанкор алаң иелерін қайта алға шығарды, алайда Гонсало Гарсия 90+1-де есепті теңестірді. Дегенмен 3 минуттан соң «Альбасете» жеңіс голын соғып, сенсация жасады.

Испания кубогы. 1/8 финал.

Альбасете — Реал 3:2

Голдар: Вильяр (42), Хефте (82, 90+4) — Мастантуоно (45+3).

Альбасете — Лизоаин, Морено, Вильяр, Нева, Бернабеу (Хого, 74), Капи (Родригес, 58), Мелендес, Пачеко (Пепе, 77), Эскриче (Хефте, 58), Ласо (Медина, 57).

Реал — Лунин, Хименес (Карвахаль, 77), Асенсио, Хейсен (Алаба, 65), Фран Гарсия (Камавинга, 65), Вальверде, Сестеро (Моран, 86), Гюлер, Мастантуоно (Перес, 77), Винисиус, Гонсало Гарсия.

Ескертулер: Хейсен (65), Асенсио (90+2), Хефте (90+5), Родригес (90+6).

Сондай-ақ 1/8 финал аясында «Бетис» пен «Алавес» қарсыластарын жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Бетис — Эльче 2:1

Голдар: Авилья (68, 80) — Петро (58).

Алавес — Райо Вальекано 2:0

Голдар: Мартинес (49), Висенте (89).

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Реал» сенсациялық түрде жеңіліп, кубоктан шығып қалды (видео)