date

"Арсенал" Артетаны сақтап қалғысы келеді: жоспар 2029 жылға дейін іске қосыла ма?

"Арсенал" Артетаны сақтап қалғысы келеді: жоспар 2029 жылға дейін іске қосыла ма?

Лондондық "Арсенал" клубының басшылығы команданың бас бапкері Микель Артетаның жұмысына толық қанағаттанған. Италиялық журналист Николо Скираның хабарлауынша, "артиллерияшылар" испаниялық маманмен ынтымақтастықты одан әрі ұзартуға ниетті.

Дереккөздерге сүйенсек, клуб Артетамен қолданыстағы келісімшарт мерзімін 2029 жылға дейін ұзартқысы келеді. Қазіргі келісімшарт келесі жылдың июнь айында аяқталады. Демек, "Арсенал" мерзімінен бұрын әрекет етіп, бапкер мәселесінде "тыныштық режимін" орнатқысы келеді: нәтиже барда, тәуекелге барудың қажеті жоқ.

Ақпарат үшін, Микель Артета 2019 жылдан бері "Арсеналды" басқарып келеді. Ол келгеннен бері команданың ойынында жүйе, тәртіп пен мінез байқалды - бұл ағылшын футболындағы ең қиын "валюта." Ағымдағы маусымда да "Арсенал" АПЛ-де 49 ұпаймен турнир кестесінде 1-орында және жақын қуғыншысынан 6 ұпай алда келеді. Мұндай жағдайда басшылықтың Артетаны "ұзақ мерзімді жоба" ретінде көруі заңды - команда чемпиондық жолда шынайы қарқынмен.

Тек ұлттық чемпионатта ғана емес, Еуропа сахнасында да "артиллерия" өзін сенімді көрсетіп жатыр: Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде де 1-орын "Арсеналға" бұйырды. Бұл нәтиже Артета командасының тек ішкі лигада ғана емес, халықаралық аренада да бәсекеге қабілетті екенін білдіреді.

Бұған дейін Артета Англия кубогы мен барлық ірі жүлделерді жеңіп алуды мақсат тұтқаны туралы да айтқан болатын. Қысқасы, клубтың жоспары айқын: жол бар, руль бар, демек, жүргізушіні ауыстыруға әзірге ешқандай қажеттілік сезілмейді. Енді ең үлкен сынақ - маусымның шешуші айларында да осы тұрақтылықты сақтау. Егер осы кезеңде де нәтиже мен ойын "сол қалпында" болса, 2029 мәселесі қағаз жүзінде емес, іс жүзінде де жеделдейді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Арсенал" Артетаны сақтап қалғысы келеді: жоспар 2029 жылға дейін іске қосыла ма?