date

"Интер" "Ториноны" жеңіп, жартылай финалға жолдама алды (видео)

"Интер" "Ториноны" жеңіп, жартылай финалға жолдама алды (видео)

Италия Кубогының ширек финалында "Интер" өз алаңында "Ториноны" қабылдап, жанкүйерлерге драмалық, жылдам әрі тартысты ойын ұсынды. Кристиан Киву бастаған "нерадзуррилер" 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Кездесудің бірінші бөлігінде алаң иелері басымдыққа ие бола отырып, шабуылдарды көбейтті. Нәтиже де көп күттірмеді: 35-минутта Бонни есепті ашып, "Интерді" алға шығарды. Бұл гол командаға сенім беріп, екінші таймда белсендірек ойнауға түрткі болды.

Үзілістен кейін "Интер" тағы да қарсыласының қорғанысын ашып тастады. 48-минутта Диуф гол соғып, айырмашылықты екі допқа жеткізді - 2:0. Бірақ "Торино" берілмеді: 57-минутта Куленрович есепті қысқартып, интриганы қайтарды.

Одан кейін ойын қыза түсті. "Торино" қысымды арттырды, ал "Интер" есепті сақтап қалу үшін тәртіпті қорғаныс пен дұрыс алмасуларға сүйенді. Киву екінші таймда бірқатар өзгерістер жасады: Мхитарянның орнына Сучич, Тюрамның орнына Лаутаро Мартинес, Боннидің орнына Эспозито түсті. Бұл алмасулар ойын қарқынын бақылауда және қауіпті шабуылдарды "өшіруде" өз нәтижесін берді.

Нәтижесінде "Интер" өз алаңындағы басымдылықты жоғалтпады және 2:1 есебімен жеңісті сақтап қалды. Осылайша, "нерадзуррилер" Италия Кубогының жартылай финалына шығып, трофей үшін күресте тағы бір қадам алға басты.

Италия Кубогы, 1/4 финал

Интер - Торино 2:1

Голдар: Бонни 35, Диуф 48 - Куленрович 57

"Интер": Мартинес, де Врей, Ачерби, Карлос, Камате (Луис Энрике, 80), Фратецци, Мхитарян (Сучич, 56), Диуф, Коччи (Биссек, 75), Тюрам (Лаутаро Мартинес, 56), Бонни (Эспозито, 56)

"Торино": Палеари, Мариануччи (Марипан, 61), Коко, Тамез, Педерсен (Лазаро, 61), Власич, Прати, Анжорин, Обрадор, Нжие (Запата, 73), Куленович.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Интер" "Ториноны" жеңіп, жартылай финалға жолдама алды (видео)