date

"Реал" ПСЖ жұлдызы Дезире Дуэ үшін 100 миллион еуро төлеуге дайын

"Реал" ПСЖ жұлдызы Дезире Дуэ үшін 100 миллион еуро төлеуге дайын

Еуропа Чемпиондар лигасы мен Франция чемпионатының қазіргі жеңімпазы саналатын "Пари Сен-Жермен" сапында жарқырап жүрген жас шабуылшы Дезире Дуэ Мадридтің "Реал" клубының назарына ілікті. "Корольдік клуб" болашағы жарқын деп бағаланған футболшыны өз құрамына қосу мүмкіндігін байыпты талқылап жатқаны айтылады.

El Nacional журналистері таратқан мәліметтерге қарағанда, "Реал" басшылығы Дуэ трансфері үшін 100 миллион еуро төлеуге дайын. Мадридтіктер бұл соманы жай ғана "атақ" үшін емес, алаңда әр ойын сайын өсіп келе жатқан дарын, жылдамдық, техникалық қимылдар және шешуші жағдайларда шешім қабылдау қабілеті үшін бөлгісі келеді.

Айта кетейік, "Реал" Дуэні өзіне қаратуда негізгі "козыр" ретінде ойын уақыты мәселесін көріп отыр. Яғни мадридтік команда Париждегіден гөрі көбірек минут пен үлкен рөл ұсыну арқылы жас шабуылшыны көндіруді жоспарлауы мүмкін.

Ақпарат үшін, Дезире Дуэ 2024 жылы "Ренннен" ПСЖ-ға 50 миллион еуроға ауысты. Оның клубпен қолданыстағы келісімшарты 2029 жылдың июнь айына дейін жарамды. Биылғы маусымда ол париждіктер үшін барлық турнирлерде 23 ойын өткізіп, 8 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 90 миллион еуроға бағалап отыр. Жақында Dezire Due Globe Soccer Awards нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік жас футболшысы деп танылғаны да айтылуда.

Қысқасы, "Реал" тағы да болашаққа үлкен ақша салуға дайын: егер бұл трансфер орын алса, Мадридте жаңа "жас жұлдыз" кезеңі басталуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Реал" ПСЖ жұлдызы Дезире Дуэ үшін 100 миллион еуро төлеуге дайын