date

Реал Мадрид жұлдызы Родри трансферіне қарсы шықты

Реал Мадрид жұлдызы Родри трансферіне қарсы шықты

«Реал Мадрид» клубының шабуылшысы Винисиус Жуниор команда басшылығына қатаң талап қойды. Бразилиялық футболшы егер «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри «Корольдік клубқа» ауысатын болса, командадан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Испанияның «El Nacional» басылымы хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы «Алтын доп» жүлдесіне басты үміткер дәл Винисиус болып саналатын еді. Алайда, соңында беделді марапат күтпеген жерден Родриге бұйырды. Бұл шешімге наразы болған «Реал Мадрид» сол кезде марапаттау рәсіміне бойкот жариялаған болатын. Сырттай қарағанда, Винисиус бұл оқиғаны әлі ұмытпаған және испаниялық футболшымен бір сапта өнер көрсеткісі келмейді.

Қазіргі уақытта Винисиустың «Реалмен» қолданыстағы келісімшарты 2027 жылға дейін есептелген. Алайда тараптар арасындағы қарым-қатынас сәл шиеленісе түсті. Хабарламаларға сәйкес, футболшы мен клуб басшылығы жалақы мәселесінде әлі де келісе алмай жатыр. Егер Родридің трансфері жүзеге асатын болса, Винисиустың Мадридтен кету ықтималдығы одан сайын артуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Реал Мадрид жұлдызы Родри трансферіне қарсы шықты