date

Лионель Месси 900-ші голға ең жылдам жету бойынша жаңа рекорд орнатты

Лионель Месси 900-ші голға ең жылдам жету бойынша жаңа рекорд орнатты

Футбол әлемінде тағы бір тарихи оқиға тіркелді. Лионель Месси өз мансабында соққан голдарының санын 900-ге жеткізіп, жаңа рекорд орнатты. Аргентиналық супержұлдыз үшін бұл мерейтойлық гол КОНКАКАФ Чемпиондар кубогы аясында "Нэшвиллге" қарсы ойында (1:1) соғылды.

Айта кетерлігі, Месси бұл нәтижеге жету үшін бар болғаны 1142 ойын өткізді, бұл әлемдік футбол тарихындағы ең жылдам көрсеткіш ретінде тіркелді. Салыстыру үшін, оның басты бәсекелестерінің бірі - Криштиану Роналду бұл межеге 1236-шы кездесуде жеткен.

Жас мәселесінде де Месси басым болды: ол 900-інші голын 38 жас 268 күнінде тойласа, Роналду бұл нәтижеге 39 жас 213 күнінде жетті. Бұл аргентиналық футболшының тиімділігі мен тұрақтылығын тағы бір рет растайды.

Мәлімет үшін, Месси 2023 жылдан бері "Интер Майами" сапында доп теуіп жүр. Оған дейін Еуропа футболында "Барселона" мен ПСЖ командаларының намысын қорғап, 8 рет "Алтын доп" иегері ретінде тарихқа енген.

Месси қазір де жоғары деңгейде ойнап жатқаны, оның мансабы әлі аяқталмағанын көрсетіп отыр. Қысқасы, GOAT деп бекер айтылмаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Лионель Месси 900-ші голға ең жылдам жету бойынша жаңа рекорд орнатты