date

Бернарду Силва "Манчестер Ситиден" кететіні туралы айтты

Бернарду Силва

"Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Бернарду Силва маусым аяқталған соң клубты тастап кететінін мәлімдеді және жанкүйерлерге шын жүректен үндеу жолдады.

Ол өз сөзінде "қалалықтар" сапында өткізген тоғыз жылды өмірінің ең маңызды кезеңі ретінде атап өтті. Оның айтуынша, клуб оған армандағаннан да зор жетістіктер мен естеліктер сыйлаған:

- "Қалалықтар"! Бұл жерге тоғыз жыл бұрын келгенде, өмірде жетістікке жету, үлкен істер жасау сияқты кішкентай баланың арманына ерген едім. Бұл қала және бұл клуб маған бұдан да көп нәрсе берді. Тіпті армандауға батылым бармағаннан да көп", - деп жазды Силва.

Силва осы кезеңде қол жеткізген нәтижелерді санап өтті: 100 ұпай жинаған маусым, ішкі квадрупл, Чемпиондар Лигасының жеңісі және қатарынан төрт чемпиондық сияқты тарихи жетістіктер оның мансабында маңызды орын алады:

- "Біз бірге қол жеткізген жетістіктеріміз – бұл менің жүрегімде мәңгі қалатын мұра. Жүз ұпайлық маусым, ішкі квадрупл, требл, қатарынан төрт чемпиондық және көптеген жетістіктер... Жаман болмады", - деп жазды Силва.

Футболшы сондай-ақ, Манчестер қаласында отбасын құрғанын және бұл жер оның екінші үйіне айналғанын атап өтті. Ол өміріндегі маңызды адамдарға – отбасына да ерекше алғыз білдірді:

- "Бірнеше айдан соң мен тек клуб ретінде соншама жеңіске жетіп қана қоймай, мен отбасылық өмірімді бастаған және отбасын құрған қаламен қоштасуға уақыт келеді. Шын жүректен – Инес пен Карлота, сіздерге рахмет!

Жанкүйерлерге: сіздердің осы жылдардағы теңдессіз қолдауларыңыз – мен ешқашан ұмытпайтын нәрсе. Футболшы ретіндегі басты мақсатым әрдайым алаңға ынтамен шығу, сіздер бізбен мақтануыңыз және алаңда мүдделеріңіз лайықты қорғалып отырғанын сезінуіңіз еді. Үміттенемін, әр ойында соны сезінген боларсыз", - деп жазды Силва.

Пеп Гвардиолаға және бүкіл клуб қызметкерлеріне, сондай-ақ командаластарына алғыз білдірген Силва, базадағы атмосфера оған отбасы сияқты көрінгенін айтты:

- "Клубқа, Пепке, барлық қызметкерлерге және осы тоғыз жыл бойы бірге болған командаластарыма – барлық естеліктер үшін және маған бұл жолдың бір бөлігі болуға мүмкіндік бергеніңіз үшін рахмет.

Бапкерлік базада күн сайын жасалған атмосфера маған өзімді үйдегідей сезінуіме – үлкен бір отбасының бір бөлігі екенімді түсінуіме көмектесті", - деп жазды Силва.

Ол жанкүйерлерге де ерекше тоқталып, олардың қолдауы оған әрдайым күш бергенін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, алаңда әр жолы клубтың абыройын қорғау оның басты мақсаты болған:

- "Келіңіздер, осы соңғы апталардан бірге ләззат алайық және маусым бізге тағы не бере алатын болса, бәрі үшін күресейік", - деп жазды Силва әлеуметтік желіде.

Силва клубты тастап кетсе де, "Манчестер Ситидің" өмірбақи жанкүйері болып қалатынын атап өтті. Ол командаға сенім білдіріп, болашақта тағы да көптеген жүлделер күтіп тұрғанын айтты:

- "Мен клубқа "Манчестер Сити" ойыншысы ретінде келгенмін, бірақ кетерде – өмірбақи "Манчестер Сити" жанкүйері болып қаламын. Бұл жас команданы қолдауды жалғастырыңыздар, сенемін, болашақта ол сіздерге тағы да көптеген керемет естеліктер сыйлайды", - деп жазды Силва әлеуметтік желіде.

Қазіргі кезде футболшы маусымның соңғы апталарын толық күшпен өткізуге және командамен бірге тағы да жеңістер үшін күресуге дайын екенін білдіруде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Бернарду Силва "Манчестер Ситиден" кететіні туралы айтты