date

Родри жарақатына байланысты «Ман Ситидің» «Бернлиге» қарсы ойынына қатыспайды

Родри жарақатына байланысты "Ман Ситидің" "Бернлиге" қарсы ойынына қатыспайды

«Ман Сити» жартылай қорғаушысы Родри шап аймағындағы жарақатына байланысты Премьер-лиганың кезекті турында «Бернлиге» қарсы алаңға шыға алмайды. 2024 жылғы «Алтын доп» иегері «Арсеналды» жеңген ойында ақсаңдап алаңнан шығып кеткен болатын.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Хосеп Гвардиола испаниялық футболшының қатарға оралу мерзімі әзірге белгісіз екенін растады. Дәрігерлердің тексеруі Родри тек «Бернлимен» ғана емес, сонымен қатар Англия кубогының жартылай финалы аясындағы «Саутгемптонмен» болатын бәсекені де өткізіп алуы мүмкін екенін көрсетіп отыр.


«Меніңше, ол ертеңгі ойынға дайын емес. Келесі матчтарда, атап айтқанда, «Саутгемптонға» немесе 12 күннен кейін «Эвертонға» қарсы ойында оның жағдайына қарай шешім қабылдаймыз», — деді Гвардиола баспасөз мәслихатында.

Родри жоқ кезде тірек жартылай қорғаушысы міндетін Нико Гонсалес атқарады деп күтілуде. Жаттықтырушы Гонсалестің мүмкіндіктерін жоғары бағалап, оның бұған дейін де командаға қиын сәттерде көмектескенін атап өтті.


«Ман Сити» құрамында қорғаныс шебінде де мәселелер бар. Рубен Диаш тобығынан алған жарақатына байланысты оңалуды жалғастыруда және «Бернлимен» ойынға қатыспайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Родри жарақатына байланысты «Ман Ситидің» «Бернлиге» қарсы ойынына қатыспайды