date

Испания құрамасының капитандары Луис Рубиалестің әрекетін ресми түрде айыптады

Испания құрамасының капитандары Луис Рубиалестің іс-әрекетін ресми түрде айыптады

Испания ерлер құрамасының капитандары елдің футбол федерациясы (RFEF) президенті Луис Рубиалестің іс-әрекетін айыптап, ресми мәлімдеме жасады. Альваро Мората, Сезар Аспиликуэта, Родри және Марко Асенсио Рубиалестің әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалынан кейінгі әрекеттерін қабылданбайтын дүние деп атады.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Капитандар өз мәлімдемесінде алдымен әйелдер құрамасын Сиднейде қол жеткізген тарихи жеңісімен құттықтады. Олар бұл жетістік Испания әйелдер футболында жаңа дәуірді бастап беретінін және көптеген әйелдер үшін шабыт көзі болатынын атап өтті.

Сонымен қатар, футболшылар Дженни Эрмосомен болған оқиғадан кейін әріптестерімен бірге екендіктерін білдірді. Олардың пікірінше, Рубиалес өзінің орынсыз мінез-құлқымен өзі басқарып отырған ұйымның беделіне нұқсан келтірді және спорттық құндылықтарға қайшы әрекет етті.

Еске сала кетейік, Луис Рубиалес финалдық кездесуден кейінгі марапаттау рәсімінде Дженни Эрмосоны рұқсатсыз сүйгені үшін қатаң сынға қалған болатын. ФИФА оны өз лауазымынан уақытша шеттеткенімен, Рубиалес отставкаға кетуден бас тартып келеді.

Испанияның әкімшілік соты Рубиалестің әрекеттерін «ауыр» деп бағалады, бірақ «өте ауыр» емес деген қорытындыға келді. Федерация басшысы болса, өзіне қатысты әділетсіз көзқарас қалыптасқанын айтып, шындықты дәлелдеу үшін күресетінін мәлімдеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Испания құрамасының капитандары Луис Рубиалестің әрекетін ресми түрде айыптады