date

Стоунз Фоденнің Англия құрамасындағы ойынын жоғары бағалады

Стоунз Фоденнің Англия құрамасындағы ойынын жоғары бағалады

«Ман Сити» мен Англия құрамасының қорғаушысы Джон Стоунз командаласы Фил Фоденнің ойыны туралы өз пікірімен бөлісті. Тәжірибелі қорғаушы 22 жастағы футболшының шеберлігі мен алаңдағы іс-қимылдарын ерекше атап өтті.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Стоунздың айтуынша, Фоден өз жасына қарамастан өте үлкен футбол біліміне ие. Қорғаушы Филдің алаңда өзін еркін ұстауын және ойын мәнерін «қорқынышты дәрежеде мықты» деп атады.

Оның сөзіне қарағанда, Англия құрамасы мен «Ман Сити» осындай талант иесіне ие болғаны үшін өте жолы болған.

Көптеген мамандар мен жанкүйерлер Фоденді негізгі құрамда көргісі келсе де, Гарет Саутгейт әзірге оған аз мүмкіндік беруде. Топтық кезеңдегі үш ойынның тек біреуінде ғана негізгі құрамда алаңға шыққан Фил Уэльске қарсы кездесуде гол соғуға қол жеткізді.

Енді Фоден жексенбі күні Сенегалға қарсы өтетін 1/8 финалдық кездесуде негізгі құрамнан орын алудан үмітті. Ал Стоунз, керісінше, турнир басталғалы бері барлық ойындарда Гарри Магуайрмен бірге қорғаныс орталығында өнер көрсетіп келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Стоунз Фоденнің Англия құрамасындағы ойынын жоғары бағалады