date

Тимур Турлов шахматшы Бибісара Асаубаеваны қаржыландырудан бас тартты

Тимур Турлов шахматшы Бибісара Асаубаеваны қаржыландырудан бас тартты

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова кәсіпкер Тимур Турловтың не себепті спортшының жобасын қаржыландырудан бас тартқанын ашып айтты. Таңжарықованың сөзінше, ол үш жыл бұрын Турловтың федерация президенті болып сайлануына бастамашы болған және содан кейін ынтымақтастық бойынша келіссөздер басталған.

Бұл туралы Offside.kz хабарлайды.

Кәсіпкер шахматшы мен оның командасынан нақты бизнес-жоспар және күтілетін нәтижелер туралы жазбаша ұсыныс сұраған. Асаубаеваның командасы төрт жылдық жобаны әзірлеп, онда барлық қаржылық міндеттемелер мен тәуекелдерді көрсеткен.

Сондай-ақ, команда елге шахмат тәжін алып келуге уәде беріп, кері жағдайда барлық қаражатты қайтаруға дайын екендігін білдірген.

Лиана Таңжарықованың айтуынша, Турлов бұл ұсынысты ұзақ уақыт зерттеп, Лондон қаласында Бибісарамен бетпе-бет кездескен. Кездесу барысында кәсіпкер барлық ақша компанияға тиесілі екенін және өзі миллиардер емес екенін айтып, жобаны қаржыландырудан бас тартқан.

Мәлімет үшін, Бибісара Асаубаева блиц бойынша үш дүркін әлем чемпионы болып табылады және FIDE рейтингінде жетінші орында тұр. Forbes мәліметтері бойынша, Тимур Турлов 6,3 млрд доллар байлығымен Қазақстанның ең дәулетті адамдары тізімінде екінші орында тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Тимур Турлов шахматшы Бибісара Асаубаеваны қаржыландырудан бас тартты