date

Instagram-ды жарнамасыз пайдалану ақылы болады

Инстаграмды жарнамасыз пайдалану ақылы болады
Meta компаниясы Ұлыбританияда Facebook пен Instagram қолданушылары үшін ақылы жазылым жүйесін енгізуде. Енді қолданушылар айына шамамен 3 доллар төлеп, әлеуметтік желілерді жарнамасыз пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Компания қолданушылар деректерін жарнама мақсатында қолдануға келісім беруі не болмаса оны шектеуі мүмкін екенін мәлімдеді. Осы арқылы адамдар өздерінің жеке деректері үстінен көбірек бақылауға ие болады. Сондай-ақ, жарнамаға негізделген тегін пайдалану мүмкіндігі де сақталады.

Еуропада мұндай қызмет әлдеқашан іске қосылған, айына шамамен 6 доллар тұрады. Ал Ұлыбританияда баға біршама төменірек болып, мобильді қосымшада 4 доллар деп белгіленген.

Мамандар бұл шешімді оң бағалап, қолданушылар жеке деректерін пайдалану үстінен көбірек бақылауға ие болатынын атап өтуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » Instagram-ды жарнамасыз пайдалану ақылы болады