date

Toyota жаңа баскетболшы роботын таныстырды (видео)

Toyota жаңа баскетболшы роботын таныстырды (видео)

Toyota Motor Corporation 12 сәуірде өзінің адам тәрізді баскетболшы роботының жаңа буыны - CUE7 моделін жұртшылыққа таныстырды. Құрылғы соңғы үш жылда алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлады "Nikkei Asia."

Биіктігі 219 сантиметр робот екі доңғалақты қозғалыс платформасымен және баскетбол добын ұстап, дәл лақтыруға арналған арнайы манипуляторлармен жабдықталған. Токиода өткен баскетбол ойыны кезінде CUE7 сахнаға шығып, допты сәтті себетке лақтырды.

Жаңа буын роботының негізгі жаңалығы — жасанды интеллект негізіндегі нығайтушы оқыту (reinforcement learning) технологиясы. Ол бұрынғылардан айырмашылығы алдын ала бағдарламалау емес, өз тәжірибесіне сүйене отырып, ЖИ арқылы доп лақтыруды үйренеді.

Инженерлер оның конструкциясын да жаңартты: төрт доңғалақтың орнына екі доңғалақты жүйе қолданылып, салмағы шамамен 40 пайызға азайып, 74 келіге дейін түсті. Робот лидар сенсорымен, стереоскопиялық камерамен және бірнеше дәлдік датчигімен жабдықталған және Toyota жарыс көліктерінің технологиясынан алынған батареялармен жұмыс істейді.

Ақпарат үшін, CUE жобасы 2017 жылдан бері дамып келеді. Алдыңғы CUE3 моделі 2020 рет қатарынан допты дәл лақтыру рекордымен, ал CUE6 24,55 метр қашықтықтан дәл соққы беру нәтижесімен танымал болды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Toyota жаңа баскетболшы роботын таныстырды (видео)