date

OpenAI мен Anthropic маркетинг саласындағы топ-менеджерлерді тартуда

OpenAI мен Anthropic маркетинг саласындағы топ-менеджерлерді тартуда

Жасанды интеллект саласындағы жетекші стартаптар болып саналатын "OpenAI" және "Anthropic" компаниялары өз әзірлемелерін тиімдірек сату мақсатында маркетинг мамандарын белсенді түрде тарта бастады. Салада бағдарламашылар үшін бәсеке жалғасып жатқанымен, енді негізгі назар корпоративтік клиенттермен жұмыс істейтін менеджерлерге ауысты.

Бұл туралы 3dnews.ru хабар береді.

Мәліметтерге қарағанда, соңғы уақытта екі компания да "Salesforce", "Snowflake" және "Datalog" сияқты ірі ұйымдардың басшыларын өз жағына тартып алған. Мысалы, "Salesforce" құрамындағы "Slack" платформасын басқарған Дениз Дрессер "OpenAI" компаниясына кірістер жөніндегі директор болып тағайындалды.

Маркетинг құрылымдарының басшылары жасанды интеллект стартаптары үшін корпоративтік ортадағы байланыстарына байланысты аса маңызды саналады. Бұл байланыстар бағдарламалық жасақтама мен қызметтерді ірі бизнес өкілдеріне табысты сатуға көмектеседі.

"Anthropic" әуел бастан-ақ бизнес нарығына бағытталған болса, "OpenAI" бұл салаға жуырда ғана байыпты назар аудара бастады.

Биылғы қаңтардағы жағдай бойынша, "OpenAI" жалпы кірісінің 40 пайызын корпоративтік сектордан алған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 50 пайыздан асады деп күтілуде.

Қараша айындағы есептерге сәйкес, компанияның бүкіл әлем бойынша 1 миллионнан астам бизнес пайдаланушысы бар.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » OpenAI мен Anthropic маркетинг саласындағы топ-менеджерлерді тартуда