Қытайда литийден 80 есе арзан темір батарея жасалды

Қытай Ғылым академиясы жанындағы Металдарды зерттеу институтының ғалымдары темір негізіндегі аккумуляторлар технологиясын айтарлықтай жетілдіруге қол жеткізді. Бұл жаңалық үлкен көлемдегі энергияны сақтауға арналған ең перспективалы шешімдердің бірі болып саналады.
Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.
Зерттеушілер электролит құрамын жаңартып, темір қосындысының молекулалық құрылымын өзгертті. Бұл әдіс батареялардың негізгі мәселелері — белсенді заттың ыдырауы мен оның мембрана арқылы ағып кетуін жоюға мүмкіндік берді.
Сынақ нәтижелері бойынша, тәжірибелік үлгі қуатын жоғалтпастан 6 000 рет зарядтау және зарядсыздандыру цикліне төтеп берді. Бұл көрсеткіш құрылғының 16 жылдан астам уақыт бойы күн сайын тиімді жұмыс істейтінін білдіреді.
Темір литийге қарағанда ондаған есе арзан болғандықтан, мұндай технология күн және жел энергиясын сақтау жүйелерін қолжетімді ете түседі. Жаңа аккумулятордың жұмыс тиімділігі 78,5 пайызды құрап, сынақтар барысында оның құрылымы тұрақтылығын сақтап қалған.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!