date

Қытайда 1 100 км қашықтықты бағындыратын Wuling Xingguang 730 моделі ресми түрде таныстырылды

Қытайда 1100 км қашықтықты бағындыратын Wuling Xingguang 730 моделі ресми түрде таныстырылды

Қытайда «Wuling Xingguang 730 Premium Edition» отбасылық минивэнінің ресми премьерасы өтті. Жаңа модель сатып алушыларға үш түрлі күштік құрылғымен: бензинді қозғалтқыш, гибридті жүйе және толық электрлі жетекті нұсқаларда ұсынылуда.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Гибридті нұсқа «Lingxi Power 3.0» жүйесімен жабдықталған, ол 1,5 литрлік қозғалтқыш пен электромоторды қамтиды. Автомобиль 20,5 кВт/сағ қуаттылыққа ие аккумулятормен қамтамасыз етілген.


Тек электр энергиясымен 125 км, ал жалпы есепте 1100 км қашықтықты жүріп өту мүмкіндігі бар. Аралас циклде отын шығыны 100 км-ге 1,83 литрді құрайды және оның бағасы 112 мың юаньнан басталады.

Толық электр қуатымен қозғалатын модель 136 ат күшіне ие қозғалтқышпен және 60 кВт/сағ батареямен жабдықталған. Өндірушінің мәліметінше, бір реттік қуаттаумен 500 км жол жүруге болады.


Жылдам қуаттау жүйесі арқылы батареяны 20 минутта 30 пайыздан 80 пайызға дейін толтыру мүмкіндігі бар. Бұл нұсқаның бағасы 118 мың юаньға тең.

Қарапайым бензинді модель 1,5 литрлік турбо қозғалтқышпен және вариатормен қамтамасыз етілген, ол 92 мың юаньға бағалануда. Автомобильдің ұзындығы 4910 мм, ал дөңгелек базасы 2910 мм-ді құрайды.

Салон 7 адамға арналған, орындықтар 2+2+3 үлгісінде орналастырылған.

Минивэн заманауи технологиялармен, соның ішінде 12,8 дюймдік медиа жүйе, климат-бақылау, жаңбыр және жарық датчиктерімен, сондай-ақ адаптивті круиз-бақылаумен жабдықталған. Сонымен қатар, оң жақтағы жылжымалы есік пен жүксалғыш қақпағы электр жетегі көмегімен басқарылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Қытайда 1 100 км қашықтықты бағындыратын Wuling Xingguang 730 моделі ресми түрде таныстырылды