40 сантиметр су астындағы үйлену тойы! Қонақтардың әрекеті жұртты таңғалдырды

Вьетнамның Куангчи провинциясында өткен үйлену тойы күтпеген жерден ерекше көрініске айналды. Қатты жаңбыр мен су тасқынына қарамастан, қонақтар дастарқан басынан кетпей, шамамен 40 сантиметр судың ішінде тұрып тамақтанды.
13 қыркүйекте Дуонг Ми мен Тай Хюньнің үйлену тойы отбасылық аулада өткен. Алайда жақын маңдағы Тхатьхан өзені тропикалық циклон салдарынан кенеттен арнасынан асып, су той өтіп жатқан аумаққа кірген.
Қонақтар шалбарларын түріп, су ішінде тік тұрған күйі дастарқан басында тамақтанды. Су деңгейі 40 сантиметрге жеткенде, отбасы қауіпсіздік мақсатында тойды кейінге шегеруді де ойластырған.
Алайда жағдай тез өзгерді. 14 қыркүйек күні сағат 03:00 шамасында су толығымен қайтты.
Су қайтқаннан кейін, қалыңдық пен күйеу жігітті қарсы алу рәсімі әдеттегідей жалғасты. Той иелері күтпеген су тасқыны олардың қуанышты күнін одан да есте қаларлық оқиғаға айналдырғанын айтты.



















Пікірлер 0
…