Түркияда танымал актрисалар есірткі ісі бойынша ұсталды

Түркияда танымал актрисалар есірткі ісі бойынша ұсталды

Түркияда шоу-бизнес өкілдерінің қатысуымен есірткіге қатысты тергеу аясында ауқымды операция жүргізілді. Бакыркөй прокуратурасының басшылығымен жүріп жатқан тергеуде танымал актерлер, әншілер, спортшылар және әлеуметтік желі белсенділеріне қатысты процессуалдық шаралар қолданылуда.

18 қыркүйекте Ыстанбұл жандармериясы жүргізген операция барысында бірқатар танымал тұлғалардың ұсталғаны хабарланды. Олардың қатарында Афра Сарачоғлу, Мелис Сезен, Мелиса Шенолсун, Хазал Филиз Күчүккөсе және Нилпери Шахинкая секілді актерлер мен актрисалар бар.

Сондай-ақ, тергеу аясында рэпер Sefo, бұрынғы футболшы Хасан Шаш, журналист Яғыз Сабунжуоғлу және басқа да танымал тұлғалардың есімі аталды. Ресми мәліметтерге сәйкес, күдіктілердің мекенжайларында тінту жүргізіліп, олардан биологиялық сынамалар алу белгіленген.

Прокуратура мәліметінде тергеу есірткі заттарын пайдалану, мұндай заттарды қолдануды жеңілдету немесе соған орын бөлу бойынша күдіктерге байланысты екені айтылған. Күдіктілердің тергеуге тартылуы олардың кінәсі сот тарапынан дәлелденді дегенді білдірмейді.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда. Танымал актерлер мен актрисалардың тағдыры биологиялық тексерулер мен прокуратурадағы процестерден кейін белгілі болады деп күтілуде.

Пікірлер 0

Байланысты жаңалықтар