date

OnePlus пен Realme брендтері біртұтас өндіріс орталығына бірікті

OnePlus және Realme брендтері біртұтас өндіріс орталығына бірікті

"OnePlus" және "Realme" брендтері ауқымды ішкі қайта құру жұмыстарын жүргізді. Инсайдерлердің мәліметінше, екі компания өз қызметін біріктірген.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ.

Қытай және халықаралық нарықтар үшін біртұтас өнім өндіру және зерттеу орталығы құрылды. Жаңа құрылымға Ли Сзе басшылық етеді.

Ол тікелей Лю Сзуохуға бағынады.

"Realme" компаниясының бұрынғы вице-президенті Ван Вей зерттеу орталығы бас директорының орынбасары болып тағайындалды. Сондай-ақ, Ли Бинчжунның басшылығымен бизнесті дамыту бөлімі құрылды.

Сюй Ци "OnePlus" және "Realme" брендтерінің маркетинг және қызмет көрсету жүйелеріне жауапты болады. Бұл туыстас брендтер "Oplus" холдингіне тиесілі және "OPPO" басқаруымен жұмыс істейді.

Олар өндірістік қуаттар мен технологияларды өзара бөлісетін болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » OnePlus пен Realme брендтері біртұтас өндіріс орталығына бірікті