RTX 3060 Steam платформасындағы ең танымал видеокарта болып қалуда

«Valve» компаниясы Steam платформасының жаңартылған статистикасын жариялады. Оған сәйкес, GeForce RTX 3060 геймерлер арасында ең танымал бейнекарта болып қалуда.
Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.
Аталған модель барлық пайдаланушылардың 4,35 пайызында орнатылған.
Рейтингтің екінші орнын RTX 4060 иеленді. Үшінші сатыдан осы картаның ноутбуктерге арналған нұсқасы орын алды.
Қымбат модельдердің бірі саналатын RTX 5070 3,11 пайыздық үлеспен бесінші орынға көтерілді.
RTX 5060 бейнекартасы бір ай ішінде өз үлесін 0,3 пайызға арттырып, жетінші орынға шықты. Бұл өткен айдағы ең жоғары өсім көрсеткіші болып табылады.
Radeon RX 9070 XT болса, небәрі 0,02 пайызға өсіп, рейтингтің төменгі бөлігінде қалуда.
Геймерлердің 26,76 пайызы 8 ГБ жадысы бар бейнекарталарды пайдаланады. 16 ГБ жадысы бар модельдер 23,51 пайыз, ал 12 ГБ жадысы бар карталар 13,45 пайыз ойыншыларда кездеседі.
Жалпы алғанда, пайдаланушылардың тең жартысы 8 ГБ және одан аз жадысы бар бейнекарталарды қолданады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!