Curiosity марсоходындағы күтпеген жағдай: тас бұрғыға тұрып қалды

NASA-ның Curiosity марсоходы өз миссиясы барысында алғаш рет ерекше мәселеге тап болды. 25 сәуірде «Atacama» деп аталатын тау жынысын бұрғылау кезінде салмағы 13 келі болатын тас кесегі бұрғылау құрылғысына жабысып, бетімен бірге көтерілді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .
Инженерлер алдымен бұрғыны дірілдету арқылы тастан құтылуға тырысты, бірақ бұл нәтиже бермеді. Бірнеше күндік әрекеттен кейін, 1 мамырда мамандар манипулятор бұрышын өзгертіп, бұрғылау басын айналдыру мен қатты дірілді бір уақытта іске қосты. Нәтижесінде тас бөлініп, жерге түсіп, быт-шыт болды.
Бұл процесс марсоходтың навигациялық камералары арқылы толық жазылып алынды. Ғалымдардың айтуынша, бұл техникалық аномалия Марс геологиясын зерттеу үшін құнды деректер берді. Бұл оқиға Марс топырағының механикалық қасиеттерін және бұрғылау процесіндегі ерекшеліктерді түсінуге көмектеседі.
Curiosity он жылдан астам уақыт бойы Қызыл планетада зерттеу жүргізіп келеді. Әрбір жаңа күтпеген жағдай техниканың төзімділігін сынап қана қоймай, планета бетіндегі процестер туралы түсінігімізді байыта түсуде.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!