Xiaomi өзінің алғашқы құлаққап-клипсаларын таныстырды

Xiaomi компаниясының президенті Лу Вейбинг өзінің алғашқы құлаққап-клипсаларын (Open-Ear Clip-on) ресми түрде таныстырды. Мұндай аудио құрылғылар қазіргі таңда технология әлемінде тез танымал болып келе жатқан трендке айналды. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .
Дәстүрлі құлаққаптардан айырмашылығы, бұл модель құлақ каналына салынбайды, керісінше қысқыштың көмегімен құлақ қалқанының шеміршек бөлігіне бекітіледі. Компания басшысы құрылғының дизайнына ерекше тоқталып, оның нәзік көрінісін көрсетті.
Жаңа құлаққаптар жылтыр айналы жабынмен, тұтас корпуспен және арнайы «мөлдір дыбыс сферасы» технологиясымен жабдықталған. Xiaomi өндірушілері пайдаланушыларға жоғары сапалы және әсерлі дыбыс мүмкіндіктерін уәде етеді.
Әзірге құрылғының техникалық сипаттамалары, нақты атауы мен бағасы жарияланбады. Xiaomi бұл өнімнің толық таныстырылымын алдағы күндері басқа да жаңа құрылғылармен бірге өткізуді жоспарлап отыр.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!