date

Қытайдың Jiuzhang 4.0 кванттық компьютері рекорд орнатты

Қытайдың Jiuzhang 4.0 кванттық компьютері рекорд орнатты

Қытай Ғылым және технологиялар университетінің ғалымдары жаңа буын Jiuzhang 4.0 фотондық кванттық компьютерін таныстырды. South China Morning Post басылымының хабарлауынша, бұл жүйе күрделі есептеу тапсырмаларын қазіргі суперкомпьютерлерден әлдеқайда жылдам орындай алады. Бұл туралы Ixbt.com хабар береді.

Жаңа құрылғы Гаусс бозондық таңдау тапсырмасын небәрі 25 микросекундта аяқтады. Салыстырмалы түрде айтсақ, әлемдегі ең қуатты суперкомпьютерлердің бірі саналатын El Capitan бұл есептеуді орындау үшін миллиардтаған жыл жұмсар еді.

Jiuzhang 4.0 жүйесі 3050-ге дейін фотонның кванттық күйлерін басқару мүмкіндігіне ие. Бұл көрсеткіш алдыңғы тәжірибелерге қарағанда он есе жоғары. Сондай-ақ, жүйенің фотон көзінің тиімділігі 92 пайызды, ал жалпы платформаның тиімділігі 51 пайызды құрайды.

Мамандардың айтуынша, Jiuzhang 4.0 әмбебап компьютер емес, тар шеңбердегі арнайы тапсырмаларды орындауға арналған құрылғы. Қытайлық ғалымдар фотондық технологияларды кванттық есептеулер саласындағы ең перспективалы бағыт деп санайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Қытайдың Jiuzhang 4.0 кванттық компьютері рекорд орнатты