date

ArXiv жасанды интеллект көмегімен жазылған мақалалар үшін жазалау шараларын күшейтуде

ArXiv жасанды интеллект көмегімен жазылған мақалалар үшін жазалау шараларын күшейтуде

Ғылыми зерттеулерге арналған ашық мұрағат саналатын ArXiv платформасы жасанды интеллект (LLM) арқылы жасалған сапасыз мақалалар ағынына қарсы күресті күшейтуде. Енді платформа авторлардан өз жұмыстарына толық жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды .

ArXiv компьютерлік ғылымдар бөлімінің төрағасы Томас Диттерихтің айтуынша, егер мақалада жасанды интеллект жасаған қателіктер, соның ішінде өмірде жоқ дереккөздер немесе чат-ботпен жазысқан іздер анықталса, авторлар қатаң жазаланады. Мұндай жағдайда авторлар бір жыл мерзімге платформадан шеттетіледі.

Жаза мерзімі аяқталғаннан кейін де, бұл авторлардың келесі мақалалары беделді ғылыми басылымдарда қаралып, қабылданғаннан кейін ғана ArXiv-ке орналастырылуы мүмкін болады. Бұл ереже жасанды интеллектке тыйым салуды емес, ғалымдардың өз мәтіндері үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алуын көздейді.

Платформа модераторлары әрбір жағдайды жеке қарастырады және түпкілікті шешімді бөлім төрағалары бекітеді. Авторларға қабылданған шешімге шағымдану құқығы беріледі. Бұл шаралар ғылыми басылымдарда жасанды интеллект ойлап тапқан дәйексөздер мен қате мәліметтер көбейіп бара жатқан тұста енгізілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » ArXiv жасанды интеллект көмегімен жазылған мақалалар үшін жазалау шараларын күшейтуде