Google AppSheet арқылы таратылатын жаңа алаяқтық схемасы анықталды

«Kaspersky зертханасының» мамандары Google AppSheet платформасын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын жаңа алаяқтық схемасын анықтады. Қылмыскерлер ірі компаниялардың атын жамылып, пайдаланушыларға тартымды жұмыс ұсыныстары жазылған хаттарды жаппай жіберуде. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .
Пайдаланушылар ресми noreply@appsheet.com сервис мекенжайы арқылы хат алады және олардан жеке деректерін ұсыну сұралады. Google AppSheet платформасының мүмкіндіктері алаяқтарға спам-сүзгілерді айналып өтуге және пайдаланушылардың сеніміне кіруге көмектесуде.
Кейбір жағдайларда алаяқтар фишингтік сілтемелерді де қолданбай, жай ғана жауап хат жазуды сұраумен шектелуде. AppSheet тек электронды пошта емес, сонымен қатар SMS хабарламалар жіберуге мүмкіндік беретіндіктен, кибершабуылдардың ауқымы одан әрі кеңеюде.
«Kaspersky зертханасының» аға спам-сарапшысы Анна Лазаричева сенімді мекенжайлардан келген хабарламалардың өзін мұқият тексеруге кеңес береді. Күтпеген жұмыс ұсыныстары мен жеке деректер сұралған хабарламаларға қатысты әрқашан сақ болған жөн.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!