date

Натрий-ионды аккумуляторлардың қызмет ету мерзімі 10 есеге арттырылды

Натрий-ионды аккумуляторлардың қызмет ету мерзімі 10 есеге арттырылды

Сингапур Ұлттық университетінің ғалымдары қауіпсіздігі жоғары және төзімді жаңа буын натрий-ионды аккумуляторларын әзірледі. Ол үшін олар қарапайым несепнәрден алынатын графитті көміртегі нитриді негізіндегі арзан қоспаны пайдаланды. Бұл жаңалық қатты денелі батареяларды тұрақты, ұзақ мерзімді және өртке төзімді етуге көмектеседі. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Қазіргі заманғы натрий-ионды аккумуляторлардың басты мәселесі олардың электролиттерінде болды. Натрий литийге қарағанда арзан және қолжетімді шикізат болғанымен, көптеген батареялар әлі де жанғыш сұйық компоненттерді пайдаланады. Ал қатты денелі нұсқалары металл натриймен жанасқанда өткізгіштіктің төмендігінен және тұрақсыз жұмыстан зардап шегеді.

Сингапурлық зерттеушілер полимерлі электролитке графитті көміртегі нитридінің өте жұқа қабаттарын қосу арқылы бұл мәселені шешті. Нәтижесінде батарея ішіндегі иондар айтарлықтай жылдам қозғала бастады, ал қысқа тұйықталу мен өртке себеп болатын металл дендриттері — микроскопиялық инелердің пайда болу қаупі күрт төмендеді.

Жаңа материал электролит өткізгіштігін екі еседен астам жақсартып, аккумулятордың қызмет ету мерзімін күрт арттырды. Сынақтар барысында қарапайым батарея шамамен 250 сағаттан кейін істен шықса, жетілдірілген нұсқасы 2000 сағаттан астам уақыт жұмыс істеді. Сондай-ақ, прототиптер 500 зарядтау циклінен кейін де өз сыйымдылығының 95 пайызын сақтап қалды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Натрий-ионды аккумуляторлардың қызмет ету мерзімі 10 есеге арттырылды