date

Фарғана қаласында қалдықтарды қайта өңдеу зауыты салынады

Ферғана қаласында қалдықтарды қайта өңдеу зауыты салынады
Ферғана облысында қалдықтарды қайта өңдеу зауытының құрылысы басталды. Бұл жобаны Қытайдың China Everbright International Ltd компаниясы жүзеге асырады.

Зауыттың іргетасын қалау рәсімі 2 қараша күні Ферғана ауданында, Ақбилол ауылы маңында өткізілді. Кәсіпорынның жобалық қуаты тәулігіне 1500 тонна қалдықты қайта өңдеуге және 227,5 миллион киловатт-сағат электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.

Бұл энергия ұлттық желіге жеткізіледі. 141,5 миллион долларлық жоба өңірдегі қоқыс полигондарына түсетін жүктемені азайтуға, энергиямен қамтамасыз етуді жақсартуға және 400 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Аталған құрылыс биылғы жылдың наурыз айында президент бекіткен қалдықтарды энергияға айналдыру үшін алты зауыт салу бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Ферғанадан бөлек, мұндай кешендер Ташкент, Әндіжан, Наманган, Қашқадария және Самарқанд облыстарында да салынады.

Сондай-ақ, шілде айында Әндіжан мен Самарқанда шетелдік компаниялардың қатысуымен осындай зауыттардың құрылысы басталған еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Фарғана қаласында қалдықтарды қайта өңдеу зауыты салынады