date

Ташкенттегі «Бродвей» аумағы заманауи үлгіде қайта жаңғыртылады

Ташкенттегі «Бродвей» аумағы заманауи үлгіде қайта жаңғыртылады

Ташкент қаласының ең танымал орындарының бірі — Сайилгох көшесі («Бродвей») аумағы кешенді түрде жаңартылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаға сәйкес, жаяу жүргіншілер жолдары, өткелдер, жарықтандыру жүйесі және суару инфрақұрылымы заманауи талаптарға сай қайта салынады. Сондай-ақ, қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, бейнебақылау жүйелері орнатылады.

Аумақтағы маңдайшалар мен жарнама жазулары бірыңғай дизайн негізінде ретке келтіріледі, заңсыз орнатылған құрылымдар алынып тасталады. Сауда қызметі де белгіленген нормаларға сәйкестендіріледі.

Жауапты тұлғалар реконструкция барысында аумақтың өзіндік шығармашылық ортасы сақталатынын атап өтті. Суретшілер, музыканттар және басқа да өнерпаздардың қызметін жалғастыруы үшін жағдай жасалады.

Сонымен қатар, қолданыстағы ағаштар мамандардың бақылауымен тексеріліп, қосымша кемінде 1000 түп ағаш пен сәндік өсімдіктер егу жоспарланған.

«Бродвей» көп жылдардан бері елорда тұрғындары мен қонақтары үшін мәдени және серуендеу орны ретінде танымал болып келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Ташкенттегі «Бродвей» аумағы заманауи үлгіде қайта жаңғыртылады