date

Дональд Трамп Шавкат Мирзиёевті «жоғары құрметке ие мемлекет басшысы» деп атады

Дональд Трамп Шавкат Мирзиёевті «жоғары құрметке ие мемлекет басшысы» деп атады

АҚШ президенті Дональд Трамп Өзбекстанмен ірі сауда-экономикалық келісім жасалғанын хабарлады. Трамп бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, алдағы үш жыл ішінде Өзбекстан АҚШ-тың маңызды салаларына — атап айтқанда, пайдалы қазбалар, авиация, автомобиль бөлшектері, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, энергетика, химия және ақпараттық технологиялар салаларына шамамен 35 миллиард доллар көлемінде инвестиция құяды. Сондай-ақ, келесі он жылда бұл көрсеткіш 100 миллиард доллардан асуы күтілуде.

Өз мәлімдемесінде Трамп Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті «жоғары құрметке ие мемлекет басшысы» деп атап, оған алғыс айтты. Ол екі ел арасындағы ұзақ мерзімді және нәтижелі ынтымақтастықты асыға күтетінін жеткізді.

Аталған келісім Өзбекстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың жаңа кезеңін бастайды деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Дональд Трамп Шавкат Мирзиёевті «жоғары құрметке ие мемлекет басшысы» деп атады