date

Қаңтардың ортасында қаншалықты суық болады: синоптиктер айлық ауа райы болжамын жариялады

Қаңтардың ортасында қаншалықты суық болады: синоптиктер айлық ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктердің болжамына сәйкес, қаңтардың алғашқы он күндігінде Өзбекстанда негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ал түнде жеңіл аяз болады. Алайда ай ортасына қарай нағыз қақаған суық келуі, қаңтардың соңында суықтың одан әрі күшеюі ықтимал. Бұл туралы podrobno.uz хабарлады.хабарлайды.

Айдың басы салыстырмалы түрде жылы өтеді, бірақ екінші және әсіресе үшінші онкүндікте ауа күрт суып, түнде жиі үсік болуы мүмкін.

1–2 қаңтар күндері республика бойынша құрғақ ауа райы сақталады деп болжануда. 3 қаңтарда Каспий жақтан ылғалды ауа ағыны кіріп, өңірлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде жауын-шашын алдымен қар аралас жаңбырға, кейін қарға айналуы мүмкін. Орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын 4 қаңтар түні мен таңертең де жалғасуы ықтимал.

Одан кейін, бірінші онкүндіктің соңына дейін республика аумағында жауын-шашын болуы екіталай. Бұл кезеңде түнгі ауа температурасы негізінен -2…+3°C шамасында, кей жерлерде -5°C-қа дейін төмендейді. Күндіз температура +8…+13°C-тан +0…+5°C-қа дейін құбылып тұрады.

Екінші онкүндікте температураның күрт ауытқуы күтіледі: түнде +1…+6°C-тан -1…-6°C-қа дейін, күндіз +10…+15°C-тан -2…+3°C-қа дейін төмендеуі мүмкін. Республиканың солтүстігінде түнде -3…+2°C шамасынан кейін -5…-10°C-қа, кей өңірлерде -13…-15°C-қа дейін суып, күндіз +2…+7°C-тан -3…-8°C-қа дейін төмендейді деп болжануда.

Қаңтардың үшінші онкүндігінде суық толқынының ықтималдығы сақталады: түнде -7…-12°C-қа дейін, кей жерлерде -15…-17°C-қа дейін, күндіз -3…-8°C-қа дейін төмендеуі мүмкін. Солтүстік өңірлерде түнде -15…-20°C, кей жерде -22…-25°C-қа дейін аяз, күндіз -5…-10°C, жекелеген нүктелерде -13…-15°C шамасында болады деп күтіледі.

Бұған дейін Жаңа жыл түні қар жауу ықтималдығы, сондай-ақ қаңтардың алғашқы үш күні бойынша өңірлер кескініндегі ауа райы мәліметтері де берілген еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Қаңтардың ортасында қаншалықты суық болады: синоптиктер айлық ауа райы болжамын жариялады