
Өзбекстанда 2030 жылға дейін ішкі бағыттарда теміржол арқылы жолаушылар тасымалы көрсеткіштерін арттыруға бағытталған президент жарлығы қабылданды. Құжат ішкі маршруттардағы қатынас көлемін едәуір кеңейтуді және электр пойыздары желісін дамытуды көздейді. Бұл туралы podrobno.uz хабарлады.хабарлайды.
Жоспарға сәйкес, 2030 жылға қарай жергілікті теміржол маршруттарында жылына тасымалданатын жолаушылар саны 10,5 миллионнан 23,5 миллион адамға дейін жеткізіледі. Электр пойыздары қатынасы іске қосылатын бағыттар саны да 40-тан 53-ке дейін ұлғайтылады.
Қаулыда Көлік министрлігі мен «Ўзбекистон темир йуллари» АҚ үшін жолаушылар тасымалын дамыту бойынша басым міндеттер белгіленген. Атап айтқанда, 2026 жылдан бастап 465 шақырымдық электрлендірілген «Бұхара – Хива» желісі бойымен «Ташкент – Үргеніш – Хива» бағытына жоғары жылдамдықты электр пойыздарының қатынасын жолға қою жоспарланған.
Сондай-ақ 2026 жылдың соңына дейін 196 шақырымдық «Мискин – Нүкіс» учаскесін электрлендіру жұмыстары аяқталады деп көзделген. Одан кейін бұл бағытта да жоғары жылдамдықты электр пойыздарының қатынасы ұйымдастырылады.
«Ангрен – Пап» және «Тошғузар – Бойсун – Қумқорған» теміржол учаскелерін жаңғырту мәселесі де ерекше назарда. Осы жұмыстар нәтижесінде 2030 жылға дейін Әндіжан, Наманган, Ферғана және Сұрхандария облыстарында жедел электр пойыздарының қозғалысын жолға қою жоспарланған.
Еске салайық, Жаңа жыл қарсаңында танымал бағыттарда «Афросиаб» жоғары жылдамдықты пойызының қосымша рейстері де іске қосылады деп күтілуде.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.