date

2026 жылғы қажылық бағасы мен бөлінген квоталар белгілі болды

2026 жылғы қажылық бағасы мен бөлінген квоталар белгілі болды

Өзбекстан азаматтары үшін 2026 жылы қажылық сапарына 15 мың орын (квота) бөлінді. Бұл туралы Өзбекстан мұсылмандары басқармасының ақпарат қызметі мәлімдеді.

Басқарма ұсынған мәліметтерге сәйкес, биыл бір зияратшы үшін қажылық сапарының құны 77 миллион 73 мың сумды құрайды. 2026 жылғы қажылық маусымы 2 мамырда басталады және күн сайын Сауд Арабиясына әуе рейстері жолға қойылады.

Зияратшылар 9 өңірдегі — Ташкент, Наманган, Ферғана, Әндіжан, Самарқанд, Бұхара, Қарши, Термез және Үргеніш әуежайларынан Мәдина қаласына тікелей ұшады.

Зияратшыларды Мәдина қаласына жеткізуді FlyAdeal авиакомпаниясы, ал оларды Отанға қайтаруды Uzbekistan Airways жүзеге асырады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » 2026 жылғы қажылық бағасы мен бөлінген квоталар белгілі болды