date

Зеленский: Киевке қауіп төнсе, Мәскеуде де жарық сөнеді

Зеленский: Киевке қатер төнсе, Мәскеуде де жарықсыз қалады

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің күз және қыс маусымында энергетика жүйесін жоюға бағытталған ықтимал әрекеттеріне жауап ретінде қатаң мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, егер Мәскеу Украина астанасында толық электр қуатын сөндіруге ұмтылса, Ресейдің өз астанасы да дәл осындай жағдайға тап болуы мүмкін.

«Егер, мысалы, Киевте жарықсыз қалу қауіпі төнсе, Кремль жақсы білуі керек – Мәскеуде де жарықсыз қалу мүмкін», – деді Зеленский журналистермен өткен брифингте.

Украина жетекшісінің айтуынша, Ресей тарапынан жасалып жатқан қорқытулар аясында дипломатиялық сыпайылыққа орын жоқ. – «Егер орыстар қорқытса, олармен риторикада сақ болу қажет емес. Мәдениетсіздермен мәдениетті түрде сөйлесу – меніңше, не риторикада, не соғыс алаңында, не Ресейге қатысты жасалатын маңызды қадамдарда дұрыс жол емес», – деді Зеленский.

Мемлекет басшысы сондай-ақ атап өтті, Ресей түсінуі тиіс – өркениетті елдер ешқашан басқыншылықты бірінші болып бастамайды және ешқашан агрессор болмайды. Бірақ бұл олардың әлсіздігі немесе дәрменсіздігі дегенді білдірмейді.

Еске сала кетейік, тамыз айында Ресей Қарулы күштері Украина энергетика инфрақұрылымына шабуылдарын күшейтті. Украина Энергетика министрлігінің мәліметінше, Ресей жылыту маусымы жақындай келе, әдейі энергетикалық нысандарды жою саясатын жүргізуде. Тек тамыз айының өзінде 10 күн ішінде 20 стратегиялық нысан – электр қосалқы станциялары, жылу электр станциялары мен мұнай өңдеу зауыттары соққыға ұшыраған.

Сонымен бірге, Украина әскери күштері де Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына дрондармен соққылар беріп келеді. Бұл соққылар салдарынан кейбір кәсіпорындар ішінара немесе толықтай тоқтаған, бұл жанармай тапшылығы мен бағаның өсуіне алып келген.

Зеленскийдің бұл қатаң ұстанымы Украина Ресейдің күшейіп келе жатқан қысымы мен шабуылдарына қарсы симметриялы шараларды қабылдауға дайын екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Зеленский: Киевке қауіп төнсе, Мәскеуде де жарық сөнеді